| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | 7 - сыныпқа қабылдау тізімі 2024 - 2025 оқу жылы | ![]() |
| 2 | Оқу жұмыс жоспары 2024 - 2025 оқу жылы | ![]() |
| 3 | Сабақ кестесі 2024 - 2025 оқу жылы | ![]() |
| 4 | 7 - сыныпқа қабылдау | ![]() |
| 5 | 7 - сыныпқа қабылдау | ![]() |
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-аналар және оқушылар!
2024–2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА
Түркістан облысының білім басқармасының «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ 2024-2025 оқу жылына 7- сыныпқа оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2024 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті (фотосуретке талаптар:).
* барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Конкурстық іріктеу 15 мамыр -15 маусым аралығында өткізіледі.
Техникалық сұрақтар бойынша 8 (775) 533-01-83 телефонына хабарласыңыз.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 8 (72 547) 6-12-46 телефонына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Үміткер тек бір ғана мамандандырылған білім беру ұйымына түсу үшін тестілеуге қатыса алады және құжат тапсыру мерзімінде бір рет қана тестілеуге қатысуға қажетті құжаттарын бір мамандандырылған білім беру ұйымының электронды базасынан өзі қалаған екінші бір мамандандырылған білім беру ұйымының электронды базасына ауыстыра алады.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).
Конкурс «Дарын» орталығының алдын-ала анықтаған тірек мектептерінің базасында әр аймақта өтеді.
7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
математика және логика-55 сұрақ; оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ. 7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 120 минут.
Тестілеу тапсыру тілі: қазақ
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары көрсетілген уақытқа кірмейді.
Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл). Мысалы үміткер 75 сұрақтың 70 сұрағына дұрыс жауап беріп, 5 сұрағына дұрыс жауап бермесе нәтиже былай есептеледі: 4*70+(-1)*5=280-5=275. Сонда үміткердің қорытынды ұпайы 275 болады.
Нәтижелерді өңдеуді Конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нәтижелерді алу "Дарын" орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ-кітапшасы қарастырылмайды.
Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді. Конкурстық іріктеудің қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және "Дарын" орталығы мен білім беру ұйымының интернет-ресурстарында конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.
Оқуға тестілеуде ең көп ұпай жинаған үміткерлер қабылданады. Үміткерлердің жинаған ұпайлары тең түскен жағдайда, "Дарын" орталығы, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадалардың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқуға қабылдануға басымдыққа ие болады. "Мың бала" ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары үшін қабылданатын оқушылардың жалпы санының он пайызы мөлшерінде квота беріледі.
Конкурс қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысы 2024-2025 оқу жылының 7-сыныбына қабылдау туралы бұйрық, резервтік тізімге қабылдау туралы бұйрық шығарады. Үміткерлердің резервтік тізімі негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа үміткерлер қатарынан (10 үміткерден артық емес) жинаған ұпайларының көлеміне қарай кему тәртібімен қалыптастырылады және білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер білім беру ұйымында бос орын болған жағдайда оқу жылының ішінде қабылдана алады. Бос орындар білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
Конкурс материалдарын "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және бекітеді.
Конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ол өтетін ғимарат, аудитория бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесімен, арнайы техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.
КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.
Техникалық сұрақтар бойынша 8 (775) 533-01-83 телефонына хабарласыңыз.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 8 (72 547) 6-12-46 телефонына хабарласыңыз.
https://tolebi-daryn.edu.kz/kz/abyldau.html#sigFreeId800beeb913
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Құрметті ата-аналар және оқушылар!
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
«Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ
2022-2023 оқу жылына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады
Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты
құжаттар қабылдауды 7 – сыныпқа жүзеге асырады
18-1. Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% (6 оқушы) мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына
- Мемлекеттік атаулы әлеуеметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалар;
- Ата-аналарынан біреуі бірінші топтаға мүгедектігі бар отбасының балалары;
- Мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- Отбасыларда тұратын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
- Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының балалар;
- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары қабылданады.
Құжаттарды тіркеу 2022 жылғы 16 тамыз бен 23 тамыз аралығында
Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатында өтеді.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті ;
5) халықтың әлеуеметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар ұсынылады.
Конкурстық іріктеу 2022 жыл 24 тамыз күні өткізіледі.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).
Конкурс мектеп-интернат базасында өтеді.
7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
математика және логика-55 сұрақ; оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ. Тестілеуге бөлінген уақыт - 120 минут.
Конкурс өтетін мекен-жай: Ленгір қаласы. Төлеби көшесі 279А мектеп-интернат ғимараты
Тестілеу тапсыру тілі: қазақ
Техникалық сұрақтар бойынша 87755330183 телефонына хабарласыңыз.
Құрметті ата-аналар және оқушылар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады
Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты құжаттар қабылдауды 7 – сыныпқа жүзеге асырады.
Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2022 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті (фотосуретке талаптар:).
* барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Конкурстық іріктеу мерзімі 15-30 сәуір (мерзімі қосымша хабарланады).
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).
Конкурс өтетін мекен-жай: Шымкент қаласы мкр. Асар, №90 мектеп ғимараты 1967А.
7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
Математика және логика-55 сұрақ;
Оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 120 минут.
Тестілеу тапсыру тілі: қазақ
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.
Техникалық сұрақтар бойынша 8 (72 547) 6-12-46, 87755330183 телефонына хабарласыңыз.







