Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының

«Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 Мектепте дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу, олардың табиғи дарын қабілетін ашу, олардың білім сапасын арттыру және оларды ғылыми -әдістемелік тұрғыдан үнемі қамтамасыз етіп отыру мақсатында ұстаздары ізденісті жұмыс атқарып келеді.

Төлеби аудандық арнайы дарынды балалар мектебі 1998 жылы құрылып,

жұмыс атқарып келеді.

Мектеп-2003 жылы типтік үлгіде салынған,  қуаттылығы 198 орын,

интернат ғимараты 1968 жылдары салынған, сыйымдылығы 100 орын.

Мектепте 10 сынып комплектісінде 223 оқушы білім алуда, оның 100-і интернатта жатып білім алуда. Мектеп мамандандырылған білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарының жаратылыстану - математика бағыты бойынша жұмыс жасайды.

Мектеп-интернатқа оқушылар 7-сыныптан, байқау арқылы қабылданады.

Мектеп-интернат педагог қызметкерлерінің сапалық құрамы бойынша барлығы

25 (оның ішінде 3-қосалқы мұғалім):

 

Біліктілік санат

Жалпы мұғалімдердің біліктілік санаты (%)

Жоғары

1 (3%)

Бірінші

1 (3%)

Педагог-шебер

10 (36%)

Педагог-зерттеуші

6 (21%)

Педагог-сарапшы

5 (18%)

Педагог-модератор

2 (7,5%)

  Мектепте негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін физика, химия, биология  

зертханаларымен, зертханалық жабдықтармен жабдықталған. Биология, қазақ тілі,

орыс тілі, математика, география, АӘД, тарих, ағылшын тілі, физика, химия,

информатика, кітапхана бөлмелері интерактив тақтамен жабдықталған

білім алушыларға қызмет көрсету үшін медициналық 2 бөлме  жабдықталған.

Мектептің орналасқан жері: Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгер қаласы,

Төлеби көшесі, 279 А

Электрондық пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефоны, факс: 8(72547)6-12-46;

  Мектеп-интернат директоры: Нурымбетова Лязат Курбанкызы