2026 жылы 29-30 қаңтар аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» РҒПО мен «Балдәурен» РОСО ұйымдастыруымен және «Attech» компаниясының серіктестігімен 2-7 сынып оқушыларына арналған ХХІ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы өтті. Конкурстың жаратылыстану-математикалық бағытында еліміздің барлық өңірлерінен келген 347 дарынды оқушы 272 ғылыми жобаларын қорғады. Аталған іс-шараға Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушылары Қайратұлы Сағадат, Ермұрат Айсұлтан информатика, робототехника, STEM-инженерия секциясы бойынша ғылыми жобаларын қорғап, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Кенжеева Айжанды, оқушыларымызды және ата аналарымызды жеңісімен құттықтаймыз!
{gallery}{/it4/1/gallery}






