Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты КММ
«Қамқоршылық кеңесін құру және келісім берген азаматтардың өтінішін қарау туралы» онлайн талқылау
ХАТТАМАCЫ №1
Ленгір қаласы
8.08.2022 жыл
Қатысқандар: 11 адам
Күн тәртібінде:
- Қамқоршылық кеңестің құрылу мақсаты мен жұмыс барысы;
- Қамқоршылық кеңеске мүшелікке келісім берген азаматтардың өтінішін қарау, тыңдау (жарыс сөз түрінде)
- Адами әлеуетті дамыту басқармасына қамқоршылық кеңестің ұсынылатын құрамын талқылау;
Тыңдалды:
Күн тәртібінде енгізілген бірінші мәселе бойынша мектеп интернатының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары М.Абдезов сөз бастады, жалпы қамқоршылық кеңестің құрылу мақсаты мен жұмыс барысы туралы баяндады. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес әзірленді. Мектеп-интернат қамқоршылық кеңесін құру туралы хабарламалар мектеп-интернат ресми парақшаларында жарияланды. Соның негізінде 9 азаматтан өтініш келісім келіп түсті. Қамқоршылық кеңесті құрудың мақсаты - қоғамдық бақылауды орнату арқылы қаржының әділ бөлінуін қамтамасыз ету, білім беру ұйымының жарғысындағы талаптардың орындалуына ықпал ету және материалдық –техникалық базаны нығайтуға жағдай жасау. Кеңес білім беру мекемесінің әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы және заңды тұлғалармен тізе қосып қызмет ететіндігін баяндады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп-интернаттың қамқоршылық кеңесіне мүшелікке өтініш келісімін берген азаматтармен мектеп-интернаттың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Баедилова таныстырып, қамқоршылық кеңесіне өз ұсыныстарын берген сөз кезегін берді.
Төлеби желіжол техникалық цех бастығы Курбанкулов Манап Айтбайұлы сөйледі: Қамқоршылық кеңес мүшесі болуға өтініш беру себебім, дарынды оқушыларды сапалы білімге өз үлесімді қоссам, жас ұрпақтың тәрбиесіне қолдау көрсеткім келеді.
Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысының орынбасары Досымбаев Азат Қуатбайұлы сөйледі: Сәлеметсіздер ме! Қамқоршылық кеңеске менің өзімді ұсынған себебім, «Дарын» мектебінің дарынды шәкірттерінің қоғамдық іс -шараларды жүзеге асыруда ақпараттық қолдау көрсету бағытында жұмыс жасағым келеді.
Иманалиева Ақжан Алиасқаровна "ТӨЛЕБИ ТУЫ" қоғамдық-саяси газеті редакциясының бөлім меңгерушісі сөз сөйледі: Осы мектеп-интернатта білім алып жүрген барлық балалардың алаңсыз сапалы білім алуына, өнегелі тәрбие алуларына жағдай жасап, балалардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, мектеп ата-аналары мен мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста болу мақсатында әрі десек әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардан шыққан балалардың демеушілер тарапынан көрсетілетін қамқорлықтың толыққанды қамтылуына қоғамдық бақылау жасау мақсатында осы қамқоршылық кеңесіне мүше болуға өз кандидатурамды ұсындым.
Айтжанов Есимхан Мадиханулы Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің Төлеби аудандық филиалы басшысы сөз сөйледі: ауданымыздың көрсеткішін жоғары көрсетіп жүрген мектебімізге оқу жылының соңындағы қорытындыларыңыз жоғары рейтингте болғандықтан осындай мектептің қамқоршылық кеңесінің құрамында атсалысып болғаным дұрыс деп есептедім.
Маженов Сакен Есмаханұлы Жеке кәсіпкер сөз сөйледі: мектеп –интернаттың ата-анасы болғандықтан әрі осы мектепте білім алып кеткен балалларымның жетістіктері мен оқып жатқан қызымның жетістіктерін атап, өз рахметімді айтып, осы мектептің дамуына өз тарапымнан үлесімді қосқым келетіндіктен қамқоршылық кеңесіне өзімді ұсындым.
Жеке кәсіпкер Шакенов Сейіткәрім Алибекұлы сөз сөйледі: Сәлеметсіздер ме! Менің өзімді ұсыну себебім ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосу үшін және осы мектептің биіктерден көрінуіне өз үлесімді қосу мақсатында қамқоршылық кеңеске өзімді ұсынып отырмын.
Сөз кезегін Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы «Абадан» жеке меншік мектебінің мұғалімі осы қамқоршылық кеңесіне өзін ұсыну себебі, білім саласында дарынды жастардың дамуына бағыт бағдар бергісі келетіндігімен баяндады.
Бүгінгі онлайн кеңеске қатысып, талқылауды есепке ала отырып қамқоршылық кеңестің құрамына төмендегі үміткерлердің тізімін ұсынуды сұранамын:
- Шакенов Сейіткәрім Алибекұлы – жеке кәсіпкер.
- Айтжанов Есимхан Мадиханулы - Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің Төлеби аудандық филиалы басшысы
- Курбанкулов Манап Айтбайұлы – Төлеби желіжол техникалық цех бастығы
- Қансейітов Қуанышбек Үсіпәліұлы -"Amanat" партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
- Досымбаев Азат Қуатбайұлы - Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысының
орынбасары
- Иманалиева Ақжан Алиасқаровна - "ТӨЛЕБИ ТУЫ" қоғамдық-саяси газеті редакциясының бөлім меңгерушісі
- Абдиев Серік Гаппарович- Төлеби АПБ аға анықтаушысы полиция подполковнигі
- Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы - «Абадан» жеке меншік мектебінің мұғалімі.
- Маженов Сакен Есмаханұлы - Жеке кәсіпкер
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай отырып, кеңес төмендегідей қаулы қабылдады.
жоғарыда аталған азаматтардың келісім өтініш хаты мен тізімі Адами әлеуетті дамыту басқармасына жолдау.
Қаулы:
- Қамқоршылық кеңестің құрылу мақсаты мен жұмыс барысы туралы баяндама есепке алынсын.
- Қамқоршылық кеңеске мүшелікке келісім берген азаматтардың өтініші қаралсын.
- Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына қамқоршылық кеңестің құрамына енетін үміткерлердің тізімі ұсынылсын.
https://www.youtube.com/watch?v=zMhDQIlI2Xg
https://tolebi-daryn.edu.kz/kz/am-orshyly-ke-es/110-khattama-1.html#sigFreeId43f6f1720d






