Түркістан облысы Төлеби ауданы мамандандырылған мектеп-интернатында 24.11.2022 жылы «Оқыту үдерісінде жаңашылдықты енгізуде педагогтерге кәсіби қолдау көрсету жолдары» тақырыбында қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтығын жою, алшақтықты қысқарту мақсатындағы Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты шағын жинақты мектептердің  математика пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
Жоспар бойынша мектебіміздің педагог-психологы Керимкулова Эльмира психологиялық тренинг өткізіп, мұғалімдермен жағымды ахуал орнатып алған соң, математика пәнінің мұғалімі Әсілбай Нұрлыбек өзінің «Пән бойынша апталықтың жоспарлары» атты авторлық бағдарламасымен бөлісіп, пән апталықтарының барысын видео-презентация арқылы көрсетті.
Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімдері Мүсірепбаева Бибігүл мен Исмайлова Ақмарал  шеберлік сабағын өтті. Сабақ барысында апайлар өз сабақтарында пайдаланып жүрген тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.Сабақта цифрлық білім беру ресуртарын тиімді қолдану жолдарымен бөлісті.