Түркістан облысының оқушылары өз потенциалын әлі ақ ашып, Елімізді әлемге паш етеді!  Оған сенім мол!

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «USTEM Robotics» -Қазақстан және Орта Азия Робототехника дамыту» қоғамдық қоры STEM білім беруді дамытудың жол картасы аясында «Central Asia FIRST Championship 2023» робототехникадан Халықаралық жарысының (FIRST жарысы) республикалық кезеңі 2023 жылдың  24 – 26 ақпан аралығында  Астана қаласы «Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында» өткізілді.

Жарыстың негізгі мақсаты - STEM дағдыларды, цифрлық технологиялар ғылымдарын тарату және танымал ету, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-техникаға қызығушылығын арттыру.

FIRST   жарысына 80 нен аса команда 1500-ден аса оқушы қатысып, бақ сынады.

Түркістан облысын Төлеби ауданы мамандандырылған мектеп-интернатынан   "Future Talents" командасы "ROBOT DESIGN" жарысынан БАС жүлдені,  "TeenLights" командасы "INNOVATION  PROJECT" жарысынан I -орынды жеңіп алды‼

 

Ал енді бүгінгі жеңімпаздарды таныстырайын‼

 

Төлеби ауданы мамандандырылған мектеп-интернатынан "Future Talents" командасында :

1.Сматилла Нұрислам Бахытжанұлы - құрылысшы

2.Ақылжан Ырысмед- бағдарламашы

3.Қалаубекова Каусар Нұрболқызы- зерттеуші

4.Серікжан Арсен Қанатұлы- жоба менеджері

5.Туребек Ақсұлу Ерланқызы- коммуникатор

6.Бимырза Досымжан Сапарғалиұлы- дизайнер

7.Керимжан Диас Нұржанұлы- топ басшысы

Топ жетекшісі:  Айжан Кенжеева

 

 "TeenLights" командасында:

1.Команда капитаны Кенжебек Сұлтан Әлмаханбетұлы,

2.Команда бағдарламашысы  Аманхан Алихан Серікұлы,

3.Команда коммуникаторы Әтрет Бекзат Муратұлы,

4.Команда дизайнері Рахматулла Ақжол Маратұлы,

5.Команда зерттеушілері Мұратқызы Ұлжалғас,

6.Команда құрлысшысы  Үшкемпір Диана Медеуқызы

 Топ жетекшісі:  Сакен Далмырзаев

 

Айта кетейік, биылғы жарыс энергия тақырыбына арналды. Түркістан облысының намысын қорғауға барған балалар сайыста “Smart Home” жобасын ұсынды. Заманауи үйдің макетін жасап, бірқатар басқару тетіктердің автоматтандырылған түрін жасаған. Қатысушылар робот ойын картасы, робот дизайн бойынша жұмыстарын көрсетіп, инновациялық жоба әзірледі. Соңғы шешуші кезеңде негізгі бағыт-бағдар сынды 4 бағыт бойынша бақталасты.

 

Сайыс нәтижесінде, Түркістан облысынан барған оқушылар әр бағыт бойынша жүлделі орындарға ие болды. Ал ереже бойынша 4 бағытта бірдей оза шапқандар ғана АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST дүниежүзілік чемпионатында ел намысын қорғайды. Сондай-ақ тағы 9 команда Австралия, Марокко, АҚШ, Индияда өтетін халықаралық ашық чемпионаттарға жолдама алды.