Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатында 20.04.2023 жылы қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтығын жою, алшақтықты қысқарту мақсатында Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты шағын жинақы мектептердің оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеулер «Lesson Study» тақырыбында семинар өтті.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Далмырзаев сөз алып, келген ұстаздарға сәттілік тілеп, семинарды ашты. Жоспар бойынша мектебіміздің педагог - психологы Э.Керимкулова психологиялық тренинг өткізіп, мұғалімдермен жағымды ахуал орнатып алған соң, Мусаева Мирамкүл «Тіл ізгілікті пәндер» бірлестігінің жетекшісі, педагог - шебер ұстаз «Lesson Study зерттеуін мектепте қалай өткізуге болады?» тақырыбында, Бекишев Данияр «Жаратылыстану пәндері» бірлестігінің жетекшісі, педагог-шебер ұстаз «Білім сапасын арттыру мақсатында Lesson Study» іс - әрекетті зерттеу бойынша, Мусрепбаева Бибігүл «Математика - информатика пәні» бірлестігінің жетекшісі, педагог - шебер ұстаз «Lesson Study іс - әрекетті зерттеудің тиімді жолы» тақырыбында және Жүсіпбаева Кулзейнат«Қоғамдық пәндер» бірлестігінің жетекшісі, педагог - шебер ұстаз «Lesson Study - мұғалімдердің тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі» тақырыбында баяндама жасап, озық тәжіибелерімен шеберлік сабақтарында бөлісті.
https://tolebi-daryn.edu.kz/kz/zhanaly-tar/121-m-alim-t-zhiribesindegi-zertteuler-lesson-study.html#sigFreeId7be7fa940a






