Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен, орталықтың директоры Ешенкұлов Бақытжан Қабайұлының бастамасымен ел ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, талабын қолдап, талантын ашу мақсатында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте" өнер фестиваль "Балалар игілігі үшін" атты гала- концерт аясында 2023 жылғы мамыр айының 29-ы күні Түркістан қаласында өтті. Гала-концертте мамандандырылған мектеп - интернаттары, арнайы мектеп-интернат оқушыларының өнері тамашаланды. Өнер фестивалінің ережесіне сәйкес, концерттік бағдарлама, қолөнер көрмесі көрсетілді.

Гала-концертте Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Тәрби және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Махамбетов Жандос Махамбетұлы, тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің маманы Биболова Әлия Таңатқызы, «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің директоры Ешенкұлов Бақытжан Қабайұлы өнер көрсеткен өнерпаздарының өнерін тамашалап, шәкірттерге шалқар шабыт, шығармашылық табыс тіледі.

Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп - интернатының өнерпаздары Түркістан облысы оқушылары арасында өткен «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» өнер фестивалінде ерекше өнерімен көзге түсіп жүлделі ІІ орынға ие болып 150 000 теңгелік, үздік қолөнер байқауынан жүлделі ІІ орынға ие болып 70 000 теңгелік сертификатқа және дипломдарға ие болды.

Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп – интернатының басшысы Нурымбетова Лязат Құрбанқызын, дайындаған барша әріптестерімізді, барлық оқушыларымызды, ата-аналарын, құттықтаймыз!!!