Түркістан қаласында «Ұстаздар күні» кәсіби мерекесіне арналған "Ұстазыма мың алғыс" атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын ұстаздық жолында еңбегі зор, қошеметке, насихаттауға лайықты тұлғаларды таныстырумен басталды. Жиынға облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы арнайы қатысып, мереке иелеріне ыстық ықыласын жеткізді. Өңірде үздік деп танылған 300-ге жуық педагог шақырылып, құрметке бөленді. 80 ардагер ұстазға сыйлық табысталып, екеуі «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды. 6 мұғалім «Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ 21 үздік ұстазға алғыс хат табысталды. Одан бөлек ынталандыру мақсатында қаржылай сыйақылар мен тұрмыстық қажетті техникалар берілді.
Аяулы ұстаздарымыздың қажырлы еңбектері бағаланып, әрбір адал іс — міндетті түрде тиісті деңгейде ұлықталатындығын көрсетті. Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатынан Үздік деп танылған физика пәні мұғалімі Бекишев Данияр Мырзашұлы осы іс-шараға шақырту алып, қатысып қайтты. Осы іс-шарада директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, информатика, робототехника пәнінің мұғалімі Далмырзаев Сакен Абдиманатович облыс әкімінің Алғыс хаты және 200000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Құрметті ұстаздар, әрқашан еңбектеріңіз еленіп, құрметке бөленіп жүре беріңіздер!






