2023 жылдың 16 қазан күні Түркістан қаласы Сауран ауданының Ә.Сығай атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты: 9-10 сынып оқушыларының қоғамдық белсенділігін арттыруға, өлкетану мен мемлекетіміздің тарихын тереңірек білуге ынталандыру, туған жерге деген мақтаныш сезімін дамыту.
Конкурсқа Түркістан облысының аудандық, қалалық білім бөлімдерінен және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы 113 оқушы қатысып қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды, атап айтар болсақ:
1. Анартай Аяжан, жүлделі II-орын
2. Үсен Нұрай, жүлделі II-орын
3. Махамбеталы Ақниет, жүлделі IIІ-орын
4. Талас Балжан , мақтау қағазы
Шәкірттеріміздің туған өлке тарихын зерделеп, оны дәріптеуі - елжандылықтан туған игі әрекет , ұлт болашағы үшін жасап жатқан балалық борышы деп білеміз. Отансүйгіш өрендерімізге алғыс білдіреміз!
Барша әріптестерді, ата-аналарды, оқушыларды құттықтаймыз!
https://tolebi-daryn.edu.kz/kz/zhanaly-tar/129-2023-zhyldy-16-azan-k-ni-t-rkistan-alasy-sauran-audanyny-sy-aj-atynda-y-zhalpy-bilim-beretin-mektebini-bazasynda-meni-sha-yn-otanym-atty-respublikaly-intellektualdy-konkursty-oblysty-keze-i-tkizildi.html#sigFreeId5e7abe33be






