Түркістан облысы Білім басқармасы "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ- нің директоры Б. Қ. Ешенқұловтың ұйымдастыруымен 2023 жылғы қазан айының 26 күні Түркістан қаласы, «Ақжайық» музыка мектебінің базасында облыстағы "Дарын" мектеп-интернаттары, мектеп-интернаттары, арнайы (көмекші) мектеп-интернаттарының ұстаздары арасында «Өнерлі ұстаз-2023» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
Ұстаздың тарихи танымдығын, педагогикалық–психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау;
Тәрбие жүйесінде ұстаздардың жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына ерекше көңіл бөлу;
жаңартылған білімдегі тәжірибесімен өзара бөлісу;
Байқау 3 шарт бойынша өткізілді:
Өзін-өзі таныстыру кезеңі.
«Педагогтың бір күні» видеороликтер байқауы.
Өнер кезеңі. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» өнер кезеңі (ән, би, күй, т.б. шығармашылығымен).
Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатынан математика пәні мұғалімі Әсілбай Нұрлыбек қатысып, үздік шығармашылығымен және сахна шеберлігімен танылып, жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Сонымен қатар қаржылай сыйлық сертификатымен марапатталды.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!






