Шымкент қаласы “Жаңа Дәуір” мектеп-интернатының базасында ұйымдастырылған “Болашаққа лайықты маман” атты оқу-жаттығу жиыны өз мәресіне жетті.
Қатысушылар екі күндік лагерьде төмендегі құзыреттіліктерін дамытты:
1. Тәуелсіздік
(идеяларды қалыптастыру және сұранысқа ие шешімді тез әзірлеу)
2. Жауапкершілік 
(уақыт пен ресурстарды басқару(time management), шешімнің/прототиптің маңыздылығын негіздеу және экономикалық орындылық)
3. Бастамашылық 
(командадағы міндеттерді/рөлдерді тиімді бөлу, өз жобасын негіздеу)
4. Public Speech 
(жобаны қорғау)
Іс-шараның “Бизнеске апарар жол” атты негізгі бөлімінде, 42 команда бизнес жоспарларын қорғап шықты.
Жобаларды бағалау критерийлері:
1. Идеяның жаңалығы 

2. Қоғамдық маңыздылығы
3. Жобаның дайындық деңгейі
(теориялық макет, қолданыстағы прототип)
4. Қорғау сапасы 
(сауатты сөйлеу, презентация логикасы, бейне немесе аудио сапасы)
5. Презентация дизайны 
6. Топтық жұмыс 

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Future Talents командасы жеңімпаз деп танылды
.
Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Ақылжанұлы Ырысмед жеңімпаз топтың құрамында болып, І орын иеленсе, 9-сынып оқушысы Қадыр Балжан жүлделі ІІ орын алып, арнайы мақтау қағазымен марапатталды.
“Жаңа Дәуір” мектеп-интернатының директоры А.М.Сәлікбай белсенді қатысушыларға қаржылай және естелікке сыйлықтар табыстады. Жиынға қатысушылар “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының” және “Жаңа Дәуір” мектеп-интернатының алғыс хаттарымен марапатталды.
“Жаңа Дәуір” мектеп-интернатының директоры А.М.Сәлікбай белсенді қатысушыларға қаржылай және естелікке сыйлықтар табыстады. Жиынға қатысушылар “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының” және “Жаңа Дәуір” мектеп-интернатының алғыс хаттарымен марапатталды.
https://tolebi-daryn.edu.kz/kz/zhanaly-tar/131-zha-a-d-uir-mektep-internatyny-direktory-a-m-s-likbaj-belsendi-atysushylar-a-arzhylaj-zh-ne-estelikke-syjly-tar-tabystady-zhiyn-a-atysushylar-oblysty-daryndy-balalardy-any-tau-zh-ne-oldau-ortaly-yny-zh-ne-zha-a-d-uir-mektep-internatyny-al-ys-khattarymen-marapattaldy.html#sigFreeIdbb1fb4c67c






