Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп, мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына Сүлеймен Демирел университеті базасында 2024 жылдың 8-9 қаңтар аралығында РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ өткізілді.
Фестивальға FLL Challenge (10-16 жас аралығында) және FTC санаттарында (12-18 жас аралығында) робототехникамен айналысатын 400-ден астам оқушы, 80 команда қатысты.
Фестивальдің негізгі мақсаты - «Робот» ойынының тапсырмасын орындау арқылы ғылыми-зерттеу, бағдарламалау және инженерия саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту.
Түркістан облысы, Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп интернатының “Tolebi” командасы “FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE” жарысынан бас жүлдені ұтып алып, Астана қаласы ақпан айында өтетін “CENTRAL ASIA FIRST CHAMPIONSHIP-2024” жарысына жолдама алды. Оқушылары мен жетекшілері Далмырзаев Сәкен және Кенжеева Айжанды құттықтаймыз! Алдағы өтетін жарыстарға сәттілік тілейміз!