Түркістан облысының «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ 11.01.2024 жылы «Математика сабағында формативті бағалауды дұрыс ұйымдастыру» тақырыбында қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтығын жою, алшақтықты қысқарту мақсатындағы Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты шағын жинақты мектептердің математика пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинар өтті.
Жоспар бойынша мектебіміздің, математика пәнінің мұғалімі шебер- педагог Мүсірепбаева Бибігүл «Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы» атты тақырабында 7б сыныбымен ашық сабақ өткізді, бағалау бойынша саралау тапсырмаларын бере отырып, критериалды бағалауды көрсетті.
Содан соң математика пәнінің мұғалімі модератор- педагог Әсілбай Нұрлыбек «Қысқаша көбейту формулалары» атты тақырабында 7а сыныбымен ашық сабақ өткізді, сабақта банк ісі бойынша бағалады, менеджементер бағалады, яғни оқушылар өзара бағалады.
Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі педагог –зерттеуші Исмаилова Ақмарал «Үшбұрыштарды шешу» тақырыбында 9А сыныбымен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасады, дискрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау жүргізді.
Келген қонақтар өтілген сабақтар туралы пікірлерін білдіріп кері байланыс жасалды. Өздеріне бағалау бойынша тиімді тұстарын алдық, сабақтар жоғары деңгейде өтілді деген пікірмен тарқасты.
https://tolebi-daryn.edu.kz/kz/zhanaly-tar/134-matematika-saba-ynda-formativti-ba-alaudy-d-rys-jymdastyru.html#sigFreeIdcccdbfeb91






