13.12.2024 жылы Түркістан қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №1 мектеп - лицей базасында Түркістан облысы білім басқармасының "Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» мен USTEM foundation қорының ұйымдастыруымен ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген іс - шаралар тізбесіне енген «First Robotics» робототехника бойынша халықаралық біріншілігінің (бұдан әрі - Конкурс) облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Жалпы Түркістан облысы бойынша 11 команда қатысты.
First lego league challenge санаты бойынша Тolebi Daryn командамыз жүлдегер атанып Орталық Азия чемпионатына жолдама алды.
DEO командамыз Core Values санаты бойынша жеңімпаз атанса, Daryn Stars командамыз The Best Pit sone санатынан жүлдегер атанды.