Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аяқталды
Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытынды марапаттау салтанаты өтті.
Олимпиадаға әлемнің 16 мемлекетінен 600-ден астам оқушы қатысып, білім бәйгесінде бақ сынады.
Осы беделді білім додасында
Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының
11-сынып оқушысы Жанатбек Нұрхан
математика бағыты бойынша қола жүлдегер атанды.
Жас жеткіншекті, ата-анасын және дайындаған ұстаздарын үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!