Түркістан облысы "Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп интернатының" командасы АҚШ, Техас штаты, Хьюстон қаласында өткен робототехникадан әлем чемпионатында жүлделі марапатқа ие болды Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, 12 марапат жеңіп алып, оқушылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Жарыстар George R. Brown Convention Center алаңында өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен 50 000-нан астам қатысушыны біріктірді. Қазақстан атынан рекордтық 225 оқушыдан құралған делегация қатысты. Төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық командалар барлық санаттарда жоғары нәтижелер көрсетті. Бұл байқауда Түркістан облысынан барған командамыз «Unearthed» тақырыбы аясында археология бағытында тың идеялар мен инновациялық жобаларын ұсынып, жарыста

4 кезең бойынша сынға түсті:

Инновациялық жобалар "Innovation project "

Роботтар ойыны "Robot Performance" 15 миссияны орындау

Робот дизайнын

"Robot Design" таныстыру

Командалық негізгі құндылықтарын

"Core Values" көрсетті

Түркістан облысынан барған Tolebi Daryn командасы FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас) категориясы бойынша әлемнің топ 5 қатарына еніп, Champions Award финалисті атанып жүлделі II орынды жеңіп алды.

Жеңімпаз атанған Түркістан облысының білім басқармасының "Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп интернатының" ұжымын және оқушыларын, жетекшілері Далмырзаев Сакен, Кенжеева Айжан мен ата аналарын жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!