Апталықтың жалпы мақсаты: Заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда иновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұсыну болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес информатика-математика әдістемелік бірлестігінің ұймдастыруымен "Математика сабағында саралау тапсырмалары арқылы бағалауды дұрыс ұйымдастыру" атты тақырыпты  Мусрепбаева Бибігүл мен Исмаилова Ақмарал математика пәні мұғалімдері мектеп ұстаздарына  коучинг-сессиясы  өтті.

Коучинг - сессия мақсаты: Әріптестеріне математика сабағында қолданылып жүрген ең тиімді әдіс-тәсілдерді ұысына отырып, оқушының математиканы өмірде де қолдана алуын көрсету. Тәжірибе алмасу барысында ең алдымен Исмаилова Ақмарал бастап жағымды ахауал орнатқан соң, әріптестерін топқа бөліп, Тарсия әдісі арқылы жалпы мазмұнды сұрақтар берілді. Топтар өзара осы әдіс бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды. Ақмарал өз тәжірибесінен "Тарсия әдісінің" тиімді тұстарын көрсетіп, қалай тапсырмалар жасайтынын айта келе, оқушлардың қалай қабылдайтынын жеткізді. Тәжірибе барысында сергіту жаттығуларын жасай отырып математика пәні мұғалімі Мусирепбаева Бибігүл өз тәжірибесіне көшті. Тәжірибе барысында мұғалімдерге күнделікті қолданылып жүрген PISA тапсырмаларын беріп "кіші тақта" арқылы жұмыс жасатты. Мұғалімдер берілген есептерді шешіп, нәтижені қорғады. Тәжірибе барысында ұстаздар бір-біріне қолдау көрсетіп "әткеншек  әдісі" арқылы өзара бағалау жұмыстарын жүргізді.

"Қоғамдық пәндер сабағында саралау тапсырмалары арқылы бағалауды дұрыс ұйымдастыру" атты тақырыпты Абдезов Мейіржан мен Жүсіпбаева Гүлзинат тарих пәні мұғалімдері мектеп ұстаздарына  коучинг-сессиясы  өтті.

Коучинг - сессия мақсаты: Әріптестеріне тарих пәні сабағында қолданылып жүрген ең тиімді әдіс-тәсілдерді ұысына отырып, оқушының өмірде де тарих пәнінің қолдана алуын көрсету. Тәжірибе алмасу барысында ең алдымен Абдезов Мейіржан бастап жағымды ахауал орнатқан соң, әріптестерін топқа бөліп, «ПТМС формуласы» әдісі арқылы  жалпы мазмұнды сұрақтар берілді. Топтар өзара осы әдіс бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды. Мейіржан өз тәжірибесінен "10 факт стратегиясы" әдісінің тиімді тұстарын көрсетіп, қалай тапсырмалар жасайтынын айта келе, оқушлардың қалай қабылдайтынын жеткізді. Тәжірибе барысында сергіту жаттығуларын жасай отырып  тарих пәні мұғалімі Жүсіпбаева Гүлзинат өз тәжірибесіне көшті. Тәжірибе барысында мұғалімдерге күнделікті қолданылып жүрген «Сандар сөйлейді», «карта сызу» тапсырмасын беріп "кіші тақта" арқылы жұмыс жасады. Мұғалімдер берілген атаулы жылдарды шешіп, нәтижені қорғады. "Қара.Оқы.Жаз.Айт" мәтінмен жұмыс әдісін пайдаланып Тәжірибе барысында ұстаздар бір-біріне қолдау көрсетіп "жақсы сұрақ әдісі" арқылы өзара бағалау жұмыстарын жүргізді.

Озат тәжірибе - ортақ әдіс тақырыбында өткізілген коучинг сессияға әріптестер "жақсы" деген баға беріп, ұсыныс ретінде әдіс тәсілдердің қолданылу аясын кең көлемде көрсету керек деген пікірлер айтылды. 

Озат тәжірибе - ортақ әдіс тақырыбында өткізілген кочинг сессияға әріптестер "жақсы" деген баға беріп, ұсыныс ретінде әдіс тәсілдердің қолданылу аясын кең көлемде көрсету керек деген пікірлер айтылды.