7 «Б» сыныбының ұйымдастыруымен нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы орнының айтарлықтай екендігін дәлелдеп, қуаныш сыйлау мақсатында «Сыйынар ем, ана деген тәңірге» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шара барысында оқушылар ұстаздар мен ару қыздарымызға арнап ізгі тілектерін білдірді. «Кешірші, мені ана» тақырыбында қойылған көрініс арқылы көрермендерге терең ой салып, ананы қадірлей білуге шақырды. Сыныбымыздың әншілері - Тағабек Нұрасыл, Октябрь Нұрзила, Мырзалиева Айсұлу, Аселхан Қасиет аналарға арнап ән шырқады. Ұлдар «Жұмыр қылыш» биін билеп көреременді таң қалдырса, ару қыздарымыз қазақтың «Оймақ» биін мың бұрала билеп кештің көркін қыздыра түсті. Кеш соңында заманауи би билеп, мектебіміздің нәзік жанды ұстаздары мен тәрбиешілеріне сыныптың атынан сыйлықтарын табыстады.
https://tolebi-daryn.edu.kz/kz/zhanaly-tar/93-8-nauryz-khaly-araly-jelder-k-ni-merekesine-oraj-mektebimizdi.html#sigFreeIdd19b7bbd8b






