Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп - интернатында 11 сынып оқушыларымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Изтаев Жалғасбек Дулатұлы ақпараттық жүйелер, IT технология мамандықтары жайлы, ал «Химия технология» факультетінің деканы, т. ғ. к., профессор Абибулла ағай химия және технология мамандықтары жайлы, «Химия технология» (ХТ) факультетінің декан орынбасары, доцент Тастанбеков Бекболат  химия технология мамандықтарын, «Көлік,сәулет және құрылыс» факультетінің деканы, т. ғ. к., доцент Иманалиев Қуаныш Ералханұлы көлік, құрылыс, архитектура және дизайн мамандықтарын және де «Көлік құрастыру және тасымалдау» кафедрасының меңгерушісі, тғк., доцент. Мырзабаев Дархан көлік және тасымалдауды ұйымдастыру туралы кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстары бойынша ZOOM платформасы арқылы кездесу жүргізілді.  

Бүркіт Қантөреұлы Әуесхан конференцияға қатысушы оқушыларға университеттің тыныс - тіршілігімен таныстырып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.