Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі мен Қарағанды облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Roboland 2022» VIІ халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі 2022 жылғы қараша айының 4-5 күні Қарағанды қаласы, «Жастар» спорт кешенінде, «Шахтер» стадионында өтті. Robоland - бұл жаңа кездесулер мен тәжірибелер, қызықты жарыстар және ынталы көрермендер. Іс- шараның мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, техникалық пәндерді дәріптеу, білім беру робототехникасының мүмкіндіктерін көрсету. Халықаралық фестивалге Қазақстанның, Ресейдің, Грецияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның түкпір-түкпірінен 800-ге жуық қатысушы қатысты. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлының жетекшілігімен «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары Рахматтула Ақжол, Балғабай Бағжан «Roboland Kazakhstan» категориясынан жүлделі ІІ орынды, Кенжебек Сұлтан, Аманхан Алихан «Ралли» категориясынан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын!