Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты

«Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалі

 

17.04.2023 жыл күні Төлеби ауданының  мамандандырылған мектеп интернатында  «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалі  өтті. Мақсаты: ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, тарихымызды насихаттау. шығармашылығын қолдау және өнерлерін дамыту.  Оқушылардың өмірде болып жатқан оқиғаларды саналы қабылдай білуге, жауапкершілікке  және оқушыларды сахналық мәдениетке үйрету , қазақтың тіл өнерін оқушы бойына сіңіру, шешен сөйлеуге тәриелеу.  Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға, адалдыққа, шындыққа тәрбиелеу. Қазақстанды   ұлағаттау.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту  басқармасы "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен, орталықтың директоры Ешенкұлов Бақытжан Қабайұлының бастамасымен ел ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, талабын қолдап, талантын ашу  мақсатында облысымыз бойынша өтіп жатқан «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты балалар өнер фестивалі 2023 жылғы сәуір айының  17-сі күні Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатында  жалғасын тапты.  Мектебіміздің өнерлі оқушылары  өнер фестивалінің ережесіне сәйкес, концерттік бағдарлама, қызықты қолөнер көрмесін ұсынды. Осы бағдарламаға сәйкес «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалінің сценариін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Баедилованың жасауымен және ұстаздардың жауапкершілігімен, іс-шара қызықты,  белсенді түрде өтті.   Аталмыш өнер фестивалінде «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің директоры Ешенкұлов Бақытжан Қабайұлы,орталықтың әдіскері Нигметова Клара Канбетқызы, орталытың саз жетекшісі Көшенов Алмат Нұртасұлы, "Облыстық білім беруді дамыту орталығы"  КММ-нің әдіскері Архабаев Нұғман Сманұлы  оқушылардың  өнерін тамашалап,  шәкірттерге шалқар шабыт, шығармашылық табыс тіледі.  

Сахна тақырып аясында безендіріліп, интербелсенді тақтада барлық мәліметтер, бейнероликтер көрсетіліп тұрды. Іс-шарада  ән «Ассалаумуғалейкум», «Біз біргеміз», хор «Дархан дала», «Самалтау», күй «Адай» және көркем сөз айдары,    көрініс «Күшіміз бірлікте», КТК (сатира) «Болашақ – білімдінің  ғасыры»,  би  «Еркесылқым», «Латино микс» спорттық биі  орындалды.  Іс-шара әсерлі әрі  қызықты болып өтті.