21 - 23 ақпан күндері Алматыда «First Robotics Almaty Tech Cup 2025 – Central Asia FIRST Championship & Drone Racing» ғылыми жобалар конкурсы, Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығының 11-павильонында 1-11 (12) сынып оқушыларына арналған «First Robotics Almaty Tech Cup 2025 – Central Asia FIRST Championship & Drone Racing» ғылыми жобалар конкурсы өтуде. Бұл конкурсқа Қазақстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Сауд Арабиясы сияқты 10 елден 3000-нан астам оқушы қатысты., Биылғы конкурстың тақырыбы — су ресурстары мен суасты әлемін зерттеудің жаһандық мәселесіне арналып отыр., Конкурстың мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық және инженерлік-техникалық әлеуетін ашып, ғылыми-техникалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ робототехника және сенсорика саласындағы техникалық жобалау мен бағдарламалауға қызығушылықтарын арттыру., Оқушылар өздерінің ғылыми жобалары мен инновациялық стартаптарын төрт санат бойынша ұсынады:, FIRST LEGO League Discover (4-6 жас);, FIRST LEGO League Explore (6-10 жас);, FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас);, FIRST Tech Challenge (12-18 жас).,Төлеби  ауданының мамандандырылған » мектеп-интернатының «Tolebi Daryn» командасы ЖАС ИННОВАТР, «Tolebi» командасы ЖАС ПРОГРАММИСТЕР  номинациясына  ие болды. Команда жетекшілері мен оқушыларымызды және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!