Түркістан облысы білім басқармасы, First Kazakhstan "Ustem Foundation" қорының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 8-9 желтоқсан күндері First Robotics Turkistan Regional Championship 2025 халықаралық жарысының облыстық кезеңі өтті. First Robotics Turkistan Regional Championship 2025 жарысында 4 санат - FLL Discover, FLL Explore және FLL Challenge - бойынша командалар өз бақтарын сынады. Сонымен қатар алғаш рет келешек мектептер арасында Keleshek League лигасы ұйымдастырылды.

Облыстық іріктеу жарысы өте жоғары деңгейде өтті. Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатынан First Robotics Turkistan Regional Championship 2025 облыстық жарысының FLL Challenge санатына Tolebi Daryn, Tolebi Team командаларымыз қатысып жеңімпаз атанып қайтты. Әр санат бойынша жеңімпаздар Орталық Азияда өтетін чемпионатқа жолдама алды. Астана қаласында өтетін Орта Азия First Robotics Championship жарысына Tolebi Daryn командамыз жолдама және облыстық іріктеу кезеңінің бас жүлдесін ұтып алды. Tolebi Team командасы жарыс барысында өздерінің инновациялық жобаларын жоғары деңгейде ұсына біліп Innovation project award finalist атанды.

Жеңістеріңіз құтты болсын Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының Tolebi Daryn, Tolebi Team командалары, ұстаздары, жетекшілері, ата-аналары!