09.02.2022 ж. күні Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернат кітапханасында 8-сынып оқушыларының қатысуымен ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай, «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақ поэзиясының қайталанбас зергері, ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың өмірі, өлең-жырлары туралы мәліметтер беріп, ақын туралы естеліктермен таныстыру; оқушылардың танымдық көзқарастарын дамыту; халықтың асыл ұлы Мұқағали жырлары арқылы бүгінгі жас ұрпақты поэзияны сүюге тәрбиелеу; Ақынды еске алу.

Көрнекіліктері: Ақиық ақынның суреттері, бейнебаяндар, ақын шығармалары бойынша кітап көрмесі. Әдеби кеш барысында  Хасанова Айдын мен Айтуғанова Алтынай ақынның өмір-жолы және шығармашылығымен таныстырып өтті. Оқушылар: Айтбай Байкен, Асқар Рамазан, Махат Аяулым, Кенжеғалиқызы   Назерке, Қошқарбай Гүлім ақынның  «Үш бақытым», «Құрдастарға» , «Аққулар ұйықтағанда» т.б өлең-жыр шумақтарын жатқа айтып берді.